• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 11:13:31
Алматы
+35°

Қазақстандағы пневмония дауынан кейін Ұлыбритания сыртқы істер министрлігі COVID-19 індеті бақылауға алынған елдердің жаңартылған тізіміне Қазақстанды қоспады. Сондай-ақ Қазақстанға кіруге шектеу бар екенін жеткізіп, елге сапарлағысы келетіндерге кеңес берді. 

– Қазақстан билігі елге кіруге қатаң шектеулер енгізді және қазіргі уақытта шетел азаматтарының көпшілігінің Қазақстанға кіруіне рұқсат жоқ, – деп жарияланған нұсқаулықта.

Жаңартылған кеңес бойынша, Қазақстанға кірген шетелдіктер 14 күн оқшауланатыны, сондай-ақ жергілікті билік органдарына байланыс мәліметтерін және сапар бағытын ұсынуы керек екені ескертілген. 

Біріккен Корольдіктің сыртқы істер министрлігі британиялық азаматтарға маңызды халықаралық сапарлар болмаса, шетелге шықпауға кеңес берген.

Ақпаратқа сәйкес, нұсқаулық COVID-19 індеті бақылауға алынған елдерді есепке алу үшін жаңартылған.

Кеңесте "Ұлыбритания билігі Франция, Испания, Германия және Жапония сияқты бірқатар елдерге баратын азаматтарға қарсылық білдірмейді" делінген.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір