• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 14:51:56
+35°

Қазақстанда коронавирусқа байланысты каратин режимі тағы екі аптаға созылады. Бұл туралы ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев twitter парақшасында хабарлады. 

"Еліміздегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты карантин режимі тағы екі аптаға созылып, шілденің соңына дейін жалғасады. Ертең үкіметтік комиссия шешім қабылдайды. Азаматтарымыз денсаулығын сақтау үшін карантиннің негізгі талабы – өзін-өзі оқшаулау шарасын қатаң ұстануы қажет" деп жазды Тоқаев.

Елде коронавирусқа байланысты ең алғаш рет наурыз айында төтенше жағдай жарияланып, қалалар карантинге жабылған. Кейін, екі айға жуық уақыттан кейін төтенше жағдай алынып, карантин шаралары жеңілдетілді. Маусым айында елде коронавирус өршіп, билік 5 шілдеден бастап екі аптаға қатаң карантин жариялады. Бірақ елде вирус әлі өршіп тұр. Қазір вирус жұқтырғандар саны 60 мыңға жуықтады.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: карантин

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір