• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 19:39:37
Алматы
+35°

Әскери сарапшылар АҚШ пен Қытай үшін ең қауіпті сәт келгенін мәлімдеді. Олардың айтуынша, Оңтүстік Қытай теңізінде Бейжің мен Вашингтон әскери маневрлерді бір уақытта өткізіп, қақтығыс қатері күшейіп келеді. Екі жақтан да кемелер бір-біріне қауіпті түрде жақындап, соғысу мүмкіндігі артқан. Бұл туралы Daily Express газеті хабарлады.

Шілде айының басында Бейжің соғыс кемелеріне даулы Паракел аралдары маңында әскери-теңіз жаттығулар өткізуді бұйырған. Қытайдың бұл әрекеті Вьетнамның  наразылығын тудырған.

Жақында Паракел аралдарының маңына АҚШ соғыс ұшақтарын тасымалдаушы кемелерін жіберген. Оған қоса ядролық бомбалаушы ұшағын да жөнелткен.  

Аймақта АҚШ және жапон кемелері бірге әрекет етуде.

Осы аптада вьетнамдық генерал Во Тянь-Трунг Қытай мен АҚШ-тың әскери жаттығулары тұрақсыздық пен шиеленісті, тіпті, әскери қақтығыс тударатынын ескертті. 

RAND корпорациясының талдаушысы Эндрю Скобелл де ескертусіз өткізіліп жатқан әскери жаттығуларға қарсы пікір білдірді.

– Бұл мені қатты алаңдатады, – деген Скобелл екі елдің мұндай әрекеттері өте қауіпті екенін жеткізген. 

Сингапурдағы С. Раджаратнам атындағы Халықаралық зерттеулер мектебінің ғылыми қызметкері Олли Пекка Суорса да өте жақын жерде әскери жаттығулар өткізуге алаңдаушылығын жасырмаған.

Суорса көптеген соғыс кемелері мен әскери ұшақтардың бір-біріне соншалық жақын орналасуы соғыс қатерін күшейтетінін мәлімдеді.

Ал өткен аптада АҚШ қорғаныс шенеуніктері Оңтүстік Қытай теңізіндегі әскери күштер жаттығуды жалғастыра беретінін жариялаған.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: АҚШ Қытай

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір