11 Шілде, 2020 Маңғыстау облысы

МАҢҒЫСТАУ ӘКІМДІГІНІҢ 30 ҚЫЗМЕТТІК КӨЛІГІ ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАЛАРҒА БЕРІЛДІ

Көліктер

Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмовтың тапсырмасымен бүгін облыс әкімдігінің 30 қызметтік көлігі Ақтау қаласындағы емханаларға берілді. Пандемия кезінде мобильдік топтағы учаскелік дәрігерлер тұрғындардың шақыртуына енді осы көліктермен барады. Емханалардағы көліктің жетіспеушілігін азайту үшін облыстық әкімдіктің қызметтік көліктері енді учаскелік дәрігерлерді таситын болады.
Қазіргі кезде әкімдік қызметкерлерінің бір бөлігі онлайн режимінде жұмыс істейді. Сол себепті, мемлекеттік қызметкерлер осы көліктер қазіргі кезде дәрігерлерге қажет деп санайды.
Айта кетейік, облыстық әкімдік көліктерді дезинфекциялауды, жанар-жағармай құюды, көлік жүргізушілерін жеке қорғаныш құралдарымен қамту және т.б. шығындарды өз мойнына алды.
Айта кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев телевизиялық үндеуінде мобильді топтардың саны 3,5 мыңға дейін арттыру керек деген болатын. Соған сәйкес біздің өңірде де осындай топтар құрылды. КөлікКөлік

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір