• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 16:16:51
Алматы
+35°

Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов облыста 500-ге жуық дәрігер жетіспейтінін хабарлады, деп жазады coronavirus2020 телеграм-каналы.

– Қалыпты жағдайдың өзінде де 300-ге жуық дәрігер жетіспейтін. Жоспардан тыс халықтың келуіне байланысты қазірдің өзінде 500-ге тарта дәрігер жетіспейді. Бүгінгі күні медициналық мамандардың жұмыс көлемі артып отыр. Ем алу шараларына 200 медициналық қызметкер жұмылдырылды. Өңірде реаниматологтар, инфекционисттер, терапевттер және жалпы практика дәрігерлері тапшы. Ресейлік 5 маманның өңірге келуі күтілуде. Және Жаңаөзен қаласына да қосымша 3 дәрігер маман жіберілетін болады, –  деді Серікбай Трұмов. 

Оның сөзінше, облыста бұған дейін 95 өкпелі жасанды желдету аппараты болған.

– "МаңғыстауМұнайГаз" АҚ – 20 аппарат, "NCOC" компаниясы –  20 аппарат алып бермек. Маусым айында олардың 12-сі келді, Қалған 8-і 15-20 шілде аралығында келуі керек. "Казмортрансфлот" компаниясы 20 оттегі концентраторларын сатып алуға демеушілік көрсетпек. Жергілікті бюджет есебінен қосымша 30 оттегі концентраторлары сатып алынуда, –  деді әкім. 

Серікбай Трұмов облыста жедел жәрдемге күніне 700-дей шақырту түсетиінін айтты.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір