• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 14:38:06
+35°
Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі кейбір Қытай БАҚ-тарында тараған Қазақстанда коронавирусқа қарағанда көп өлім белгісіз пневмония жағдайларынан болып жатыр деген ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін мәлімдеді.  
"ДДСҰ  АХЖ-10 халықаралық аурулардың жіктемесіне, оның ішінде пневмония үшін кодтар енгізді. Айталық, «матового стекла» синдромы  кезінде КВИ клиникалық немесе эпидемиологиялық тұрғыдан, яғни  өкпенің қабынуы диагностикаланады. Бірақ зертханалық зерттеуде расталмайды. Қазақстан осыған байланысты әлемдегі басқа елдер секілді осындай пневмонияны есепке және мониторингке алады. Бұл сырқаттану жағдайын және коронавирустық инфекцияның таралуын тұрақтандыруға бағытталған басқару шешімдерін қабылдауға мүмкіндік береді. 9 шілдеде Денсаулық сақтау министрі  А. Цой  елдегі  пневмония саны туралы айтты. Жалпы алғанда: елде бактериялық, грибокты, вирусты түрлері, соның ішінде АХЖ-10 жіктемесіне сәйкес "вирусты пневмония, этиологиясы анықталмаған пневмония" бар. Осылайша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қытай БАҚ-тарының ақпараты ШЫНДЫҚҚА СӘЙКЕС КЕЛМЕЙТІНІН тағы да мәлімдейді" делінген министрлік таратқан мәлімдемеде.

Бұған дейін Қазақстандағы Қытай елшілігінің WeChat желісінде Қазақстанда COVID-19-дан да қауіпті пневмонияның жаңа түрі таралып жатқаны, оған тұрғындар жаппай шалдығып жатқаны туралы хабарланған.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: пневмония

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір