• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 11:34:54
Алматы
+35°

Алматыға тауар үздіксіз келуде, 1 млн-нан астам парацетамол келді. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бүгін Алматы қаласы әкімі Бақытжан Сағынтаев фарминдустрия өкілдерімен селекторлық жиын өткізді, онда дәрілік препараттар мен медициналық бұйымдарды тоқтаусыз жеткізуді қамтамасыз ету мәселелері сөз болды. Өндірістік компаниялардың, дәріханалық желілердің және салалық қауымдастық өкілдері дәрілік құралдардың қоры мен жоспарлы жеткізілімдер туралы хабарлады. Сонымен бірге, олар тауарларды рәсімдеу және оларды алу процедуралары туралы айтты.

Дәріханалардағы дәрі-дәрмектердің бар-жоғына қатысты сұрақтар көлемін ескере отырып, "INKAR" ЖШС бас директоры Әлия Ерімбетова осы жағдай туралы, сонымен бірге кезекке қатысты түсініктеме берді.

Кезектер бар, әлеуметтік қашықтықты сақтау керек екенін ескере отырып, 20-25 адамнан артық кіргізбейміз. Науқастар саны көп, бірақ біз жағдайдың түзеліп келе жатқанын байқап отырмыз. Алматыға тауар тоқтаусыз келуде, "INKAR" ЖШС-не 1 млн-нан астам парацетамол жеткізілді,  деді Әлия Ерімбетова.

Сонымен бірге, жүкті жөнелтуге байланысты адам факторы тұрғысынан үлкен қиындықтар бар. Соған қарамастан, қазір бүкіл кеңсе жұмыс істеп тұр, адамдар тауарды босатып алу үшін демалыссыз еңбек етуде.

Сонымен қатар, ол фармкомпаниялар да мұндай дүрлігуді күткен жоқ деп атап өтті. Әлия Ерімбетова өнімнің сапасы бұрынғысынша жоғары деңгейде екеніне сендірді.

Біз барлық ауруханаларды тауарлармен қамтамасыз етеміз. Наурыз айынан бастап БАҚ-та көптеген жаман нәрселер жазылды, дегенмен, ел мен қала басшылығы жағдайды шешуге, жеңуге өте мүдделі деп санаймын, ол үшін көптеген дұрыс қадамдар жасалды. Қазір үкімет бәріне қолайлы болу жолдарын қарастыруда  барлық мүмкін нәрсені тездетіп, жеңілдетуде. Өз кезегінде, өндірушілер халық үшін өткізу жүйесі жолға қойылған ескі компаниялардың жеткізуіне басымдық береді,  деп атап өтті ол.

Сонымен қатар, ол дәріханаларда коронавирустық пандемияны ескере отырып, халық арасында ең танымал 41 дәрі-дәрмектің бар екені туралы түсіндірді.

Бір аптаның ішінде дексаметазон мен ең тапшы өнімдерге деген шиеленіс азаяды,  деді Әлия Ерімбетова.

Еске салсақ, бүгін Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев фарминдустрия өкілдерімен дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды үздіксіз жеткізуді қамтамасыз ету мәселелері талқыланған селекторлық кеңес өткізді. Қала әкімі тиісті қызметтерге дәрі-дәрмектер мен өнімдердің үздіксіз өтуін қамтамасыз етуді тапсырды. Қажет болған жағдайда салықтық және кедендік әкімшілендіруді, сондай-ақ импорттық тауарға сәйкестік сертификаттарын алу рәсімін жеделдетуді де тапсырды.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Алматы парацетамол

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір