• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 11:53:41
Алматы
+35°

Алматыда пандемия кезінде медициналық бұйым шығаратын зауыттарға ауыр жүктеме берілді. Қазір әр өндіруші табыс емес, тек қажеттілікке жұмыс істеп жатқан жайы бар.

Бүгін Алматыда орналасқан «Juldyz Kenan Co Ltd.» ЖШС жұмысы туралы білдік. Бұл отандық өндіруші нарықта 28 жыл бойы жұмыс істеп келеді.

Мұнда медициналық құралдар, аппараты мен жабдықтар, ингалятор, катетер, зонд, шпатель тағы да басқа құралдар жасалады.

«Біздің нарықта жұмыс істеп келе жатқанымызға 28 жыл болды. Көбінесе өнімдеріміз реанимация, хирургия, перзентханаларға керек. Біз 10 жылға Үкіметтің өндірісті қолдау туралы бағдарламасы бойынша келісімшартқа отырғанбыз. Сонымен қатар «Даму» қоры арқылы несиеміздің 7 пайызын өтеуге демеуқаржы бөлінген. «СК Фармация» келісімі бойынша 1,5 айда өңірлерге медициналық жабдық жеткізіп тұрамыз. «СК Фармацияға» арналған 51 атаулы өнім шығарамыз. Біз шығарып жатқан өнімнің шикізатының 70-80 пайызы өз жерімізде алынады. Ал 20 пайызы шетелден келетін поливинилхлорид деген шикізат. Ол бізде шығарылмайды. Қытай, Италия, Германия, Польшадан аламыз», - деді ЖШС директоры Бағлан Баққұлова.

Оның айтуынша, қазір шетелден шикізат жеткізуге қиындық жоқ.

«Зауыттарымыз халықаралық сертификат бойынша шикізат өндірісін аудиттен өткізген. Олармен көп жылға деген қарым қатынас келісімшарты бар. Жылына 2-3 рет бізге шикізат жіберіп тұрады»,- деді бас директор.

Қазір зауытта 40 адам жұмыс істейді. Қоғамдық көлік тоқтағанға дейін жұмыскерлер таңғы 8:00-ден кешкі 19:00 дейін жұмыс істеп келген.

«Наурыз, сәуірде карантин күшейтілген уақытта біз өндірісті жаппау үшін жұмыскерлерімізге пәтер, қонақ үй жалдап, сенбі-жексенбі күндері 2 ауысым қойып отырдық. Барлық қызметкерлеріміздің жағдайын жеке-жеке біліп отырдық. Біз мемлекеттік тапсырыс аясында мойнымызға алған міндеттемелерімізді толық өтейміз», - деді Бағлан Баққұлова.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір