• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 12:48:50
Алматы
+35°

Әлемдегі ең бай адам Джефф Безос туралы 7 деректі біле жүріңіз.

Ол Ковид-19 пандемиясы кезінде де ондаған миллиард доллар табыс тапқан. Оның байлығы қазір 171 миллиард долларға бағаланады.

Amazon компаниясының басшысы Джефф Безос тіпті адамзат баласын ғарышқа шығаруды жоспарлап отыр.

Кәсіпкер туралы көбірек білгісі келетіндер үшін қызықты 7 дерек:

1. Джефф Безос бастапқыда Amazon-ды «Cadabra» деп атағысы келді

Безос интернет арқылы сатып алудың ыңғайлылығын білдіргісі келіп, сиқырлы сөз ойлап тапқысы келген. Сол үшін компанияға "Абракадабра" деген сиқыр сөзіне ұқсайтын "Cadabra" сөзін ойлаған. Алайда кеңесшілері оған басқаша ұсыныс жасаған. Нәтижесінде, Безос оның орнына әліпбидің бірінші әрпінен басталатын "Amazon" атауын таңдаған. Оған тағы бір себеп, Amazon жердегі ең үлкен өзеннің аты болды, соған байланысты Безос әлемдегі ең үлкен кітап дүкенін ашуды мақсат еткен. 

2. Бала кезінен қабілеті ерте жетілген

Ол үш жасында балаларға арналған кереуетті бұрауышпен бөлшектеп тастаған, өйткені ол оның шынымен төсек сияқты болғанын қалаған. Безос кішкентай кезінде-ақ инженерлік шеберлігін дамытқан. Ол інілері өзінің бөлмесіне кірмес үшін, бөлмесіне электрондық дабыл орнатқан.

3. Ол көптеген саясаткерлердің айыптауына ұшыраған

2018 жылы Трамп Безосты "сатылымға салынатын салықтан жалтарды" және "бәсекелестікке қарсы іс-әрекет жасады" деп айыптаған. Бұл Amazon акциясының бағасын 9%-ға төмендеткен және Безостың жеке байлығын 10 млрд-тан астам долларға азайтқан.

Джефф Безосты айыптауды Сенатор Берни Сандерс "Stop Bezos" акциясында жалғастырған. "Дүниежүзіндегі ең бай адам ең аз жалақы төленетін жұмыстарға жарнама жасап жүр, соның салдарынан жұмысшылар азық-түлік мөрімен (мемлекеттен тегін азық-түлік сұрау – ред) күн көруге мәжбүр" деп сынаған АҚШ сенаторы.

Бірақ Безос бұған іс жүзінде жауап беріп, Amazon-дағы ең төменгі жалақыны 15 долларға дейін көтерген. Содан кейін Сенатор Берни Сандерс "Қазір Безос мырза мен Amazon басқаларға үлгі болды" деп мақтаған. Безостың айыптаудан мақтауға ие болуы бұл ғана емес еді. 2018 жылы Безос "қайырымдылықты аз жасайды" деген сынға ұшырағаннан кейін, "Бір Күндік Қор" деген қайырымдылық аясында үйсіздер мен білім беру саласына 2 миллиард доллар аударған. 

4. Оның жеке ғарыш компаниясы бар

2000 жылы Безос "Blue Origin" деп аталатын әуе-ғарыш компаниясын құрды. Оған ол жылына 1 миллиард доллар қаржы салады. Безостың ұзақ мерзімді мақсаты – ғарышты игеруге көмектесу. Компания бірінші болып қайта пайдаланылатын зымырандарды шығарғысы келген. Алайда оның алдына Илон Масктың "SpaceX" компаниясы түсіп кетті. Дегенмен, Джефф Безостың қаржылық мүмкіндігі Илон Масктан көбірек, себебі, қазір Масктың байлығы 46 миллиард долларға бағаланса, Безостың байлығы 171 миллирад доллар.

5. The Washington Post газеті Джефф Безосқа тиесілі

Технологиялық сауатты кәсіпкер газетті 2013 жылдың қазан айында 250 миллион долларға сатып алған. Безостың басшылығымен газет цифрлық дәуірге бейімделді. Оны медиа компания ретінде қайта ашқаннан кейін ол веб-трафикті екі есеге арттырды және тіпті пайдаға айналды. Бұл оның бүгінгі интернет-журналистика әлеміндегі үлкен ерлігі.

 6. Ол "Star Trek"-тің фанаты.

Безос "Amazon Echo" ақылды динамигі де, оның "Alexa" виртуалды көмекшісі де "Star Trek" компьютерінен шабыт алғанын мойындаған. 2016 жылы ол Paramount-тен "Star Trek Beyond" фильмінде камео жасауға рұқсат сұраған. Көрініс бар болғаны 8 секундқа созылғанмен, оның сөйлеу бөлігі болды.

7. Джефф Безостың табысы секундына 2489 долларды құрайды.

Business Insider-дің айтуынша, Безос бір апта ішінде жалпы орташа америкалық  жұмыскерлерден екі есе көп табыс табады. Бұл минутына 149 353 доллар. Ол сонымен қатар "британиялық монархиядан шамамен 38%-ке бай" дейді Business Insider. Безос бір кездері McDonald's-та аспазшы да болған.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: бай адам ерекшелігі

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір