• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 08:00:17
Алматы
+35°

Премьер-министр Асқар Маминнің коронавирусқа шалдыққаны туралы ақпарат – жалған. Бұл туралы үкімет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

"Жекелеген Telegram-каналдарда жарияланған премьер-министр Асқар Маминде коронавирус анықталғаны жөніндегі ақпарат фейк және шындыққа жанаспайды.

Қазіргі уақытта Үкімет басшысы кестеге сай жұмысын жалғастыруда және 10 шілде күні мемлекет басшысының қатысуымен өтетін ҚР үкіметінің кеңейтілген отырысына дайындық жүргізуде. Премьер-министрдің баспасөз қызметі ресми дереккөздердің ақпаратына ғана сенуге шақырады" делінген мәліметте.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, депутат Бекболат Тілеухан, Алматы облысының әкімі Амандық Баталов, мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли және тағы басқа да шенеуніктер вирус жұқтырған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір