• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 06:07:59
Алматы
+35°

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев COVID-19 таралуын болдырмау үшін 5 шілдеден бастап қалада қатаң шектеу шаралар енгізілетінін хабарлады. Бұл туралы ол Facebook парақшасында жазды.

– 5 шілденің түн жарымынан қаладағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру мақсатында шектеу шараларын енгіземіз. Бірқатар ұйымдардың, сауда және қызмет көрсету нысандарының жұмыстары екі аптаға тоқтатылады. Олардың тізімімен ресми сайтта жарияланған қаланың мемлекеттік бас санитарлық дәрігерінің қаулысынан оқып, білуге болады. Жұмыс істеуге рұқсат етілгендердің санитарлық нормаларды сақтаулары қатаң бақылауға алынады. Бүгін біз денсаулық сақтау жүйесінің материалдық техникалық базасын күшейтуді жалғастырудамыз, – деді шаһар басшысы.
 
Осылайша ол провизорлық және қарантиндік орталықтарды кеңейтіп, медик мамандарды дайындап жатқанын атап өтті.
 
– Біздің дәрігерлерге өте үлкен салмақ түсуде. COVID-19-бен ауырған науқастар саны артуда. Сондықтан әрбір алматылықтың қарым-қатынасты, байланысты барынша шектеуі өте маңызды. Өзін-өзі оқшаулау мен санитарлық нормаларды қатаң сақтау – өмір сүрудің басты ережесіне айналуда. Екі аптадан соң жұмыс жасауды ұзарту немесе тоқтау туралы шешім қабылданады. Осынау уақытша қиындықты жеңу үшін саналылық пен жауапкершілік танытатынымызға сенемін, – деді Сағынтаев.
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір