• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 13:40:16
Алматы
+35°

Ресейдің әскери-әуе күштеріне ескерту жасау үшін Ұлыбритания премьер-министірі Борис Джонсонның әйгілі "Union Jack" атты әскери ұшағы елдегі соғыс ұшақтары тобымен бірге көкке көтерілді. Бұл туралы британиялық The Mirror газеті хабарлады. 

Басылымның жазуынша, кеше Ұлыбританияның жаңа әскери ұшақтары өзінің алғашқы ірі операциясын бастады. Лоссиемуттың RAF-тен жедел әрекет ету тобы Ұлыбритания әуе кеңістігіне қарай бет алған орыс әскери ұшақтарына бетпе-бет келіп, оларға айқайлаған.

Ұлыбритания қорғаныс министрлігі операция кезінде ешқандай тосқауылдың болмағанын және "Вояжер" Бриз Нортондағы RAF базасына қайтып келгенін мәлімдеген.

Содан кейін олар Шотландия жағалауының солтүстігін күзетіп, британиялық "Тайфун" соғыс бомбалаушыларына қолдау көрсету үшін Шотландияға жіберілген.

"Тайфун" бомбалаушылары әуеде ұзақ уақыт тұруға бұйырылған.

The Mirror газеті Ресейдың тыңшылық ұшақтары ретінде қолданылатын алыс қашықтықтағы "Блэкджек" бомбалаушылар тобы Ұлыбританияның әуе шабуылына жауаптарын сынау үшін келген болуы мүмкін дейді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір