• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 15:43:25
Алматы
+35°

Ресейлік аралас жекпе-жекші Хабиб Нурмагомедовтың әкесі Абдулманап Нурмагомедов коронавирустан қайтыс болды. Бұл туралы Шешенстан президенті Рамазан Қадыров Telagram-дағы парақшасында хабарлады. 

"Абдулманап Нурмагомедов бұл дүниемен қоштасқаны туралы қаралы хабар маған да жетті. Барлық шешен халқының атынан Абдулманап Магомедұлының отбасына көңіл айтамын! Ол өзінен кейін жақсы атын қалдырып, лайықты ұрпақ өсіріп кетті" деп жазды Шешенстан президенті. 

Ресейлік сайттардың жазуынша, 57 жастағы Абдулманап Нурмагомедов 25 сәуірде пневманияға шалдығып, Дағыстандағы ауруханаға түскен. Кейін, 3 мамырда оның жағдайы нашарлап, Мәскеуге жеткізілген. 

Абдулманап Нурмагомедов аралас жекпе-жектегі ең атақты тұжырым – UFC-дың чемпионы Хабиб Нурмагамедовтың әкесі әрі жаттықтырушысы. 

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Хабиб Нурмагомедов

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір