• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 06:38:57
Алматы
+35°

ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Гиният жедел жәрдем қызметкерлері шақырту түскен жағдайда жағымсыз жағдайлармен жиі кездесіп жатқанын мәлім етті деп хабарлады ҚазАқпарат.

"Жедел жәрдем қызметінің медицина қызметкерлері шақыртулар кезінде жағымсыз эмоциялық жағдайлармен көп кездеседі. Олар өте жоғары физикалық және психикалық жағдайда жұмыс істеп жатыр. Шақыртулар бойынша қызмет көрсету деңгейі бірінші кезекте пациенттердің жағдайының ауырлығына байланысты анықталады. Сондықтан медициналық қызметкерлерге ренжімей, өз кезектеріңізді күткендеріңіз дұрыс", - деді ол ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Ажар Гинияттың айтуынша, тестілеуді жүргізу төңірегіндегі даулы жағдай ПТР-тест тапшылығына байланысты емес. Осы уақытқа дейін Қазақстанда 1,5 млн тест жүргізілген.

"Одан бөлек қосымша 1,2 млн тест сатылып алынуда. Азаматтардың көпшілігі бір мезгілде жүгінген жағдайда ПТР-анализаторлары бар 56 зертхананың өткізу қабілеті жеткіліксіз болып отыр. Осыған байланысты кезек қалыптасып қалады. Осы жылы тамыз айының соңына дейін 20 ПТР-анализатор сатылып алынып, зертханалар саны көбейеді. Тестілеу дәрігерлердің кеңесі бойынша өткізілуі тиіс", - деді ол.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір