• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 15:17:57
Алматы
+35°

Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев

Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің коронавирустан жазылып шыққанын айтып, халыққа үндеу жолдады. Бірқатар БАҚ-та жарияланған Назарбаевтың үндеуі өзі ауырып жатқан кезде тілектес болғандарға алғыс айтуымен басталған. 

"Бірқатар шет мемлекеттер мен үкіметтер басшыларының, көрнекті саясаткерлер мен қоғам қайраткерлерінің шынайы жанашырлығын танытып, маған моральдық қолдау көрсеткені көңілімді тебірентті. Баршасы қалтқысыз ниеттестігін жеткізіп, сергектік тілеп, тезірек сауығып кетуіме тілектестігін жолдады, сол үшін бәріне зор ризашылығымды білдіремін" деп алғыс айтқан Назарбаев. 

Ол үндеуінде өзінің коронавирустан қалай жазалып шыққаны туралы да айтқан. 

"Дәрігерлердің күш-жігері және олардың талаптарын мүлтіксіз орындаудың, сондай-ақ баршаның қолдауы мен жылы сөздерінің арқасында мен сырқаттан сауығып шықтым, қазір өзімді жақсы сезінемін, толыққанды жұмысқа кіріскелі отырмын" дейді Назарбаев.

Экс-президент өзі Қазақстанды басқарып тұрған кезде құрылған Ұлттық қорды "әлемдік екі бірдей дағдарысты жеңіп шығуға септігін тигізді" дей келе қор қаражатының пандемияға қарсы жұмыстарға да пайдасы тиіп жатқанын айтқан.

"Бұл бізге әлемдік екі бірдей дағдарысты жеңіп шығуға септігін тигізді және сол қаражат қазір Үкіметке пандемияға қарсы ауқымды жұмыс пен тұрмысы төмендерге қолдау көрсету барысында көмегін тигізуде. Егер алдағы уақытта оны ақылмен, үнемдеп пайдалана білсек, өзге сын-қатерлерді де тиімді еңсере аламыз. Қазақстанның басқа елдер алдында қарызы ең төмен мемлекеттің бірі екені де біздің артықшылығымыз" дейді ол. 

Экс-президент өз үндеуінде халықты тіртіп сақтауға шақырады.

"Қажетті гигиена талаптарын орындап, тезірек вакцина пайда боларына үміттене отырып, ауру жұқтырудан барынша ұзағырақ уақыт сау болуға тырысқан жөн. Тәртіп сақтап, өз денсаулығымызды, туған-туыстар мен жақындардың амандығын ойлауымыз қажет, дәрігерлерге сену керек" дейді ол. 

Үндеуінің соңында Назарбаев әдеттегідей ұранды сөздер айтқан.

"Халқымыз басқа түскен қиындықты өзінің қайрат-жігері, ұйымшылдығы, болашаққа деген ұмтылысы арқылы бүкіл халықаралық қоғамдастықпен бірге лайықты түрде еңсеріп, аман-есен шығарына сенімдімін. Біз тағы да жеңімпаз боламыз. Еліміздің жақсы күндері алда. Біз біргеміз! Біз жеңеміз! Біздің ұранымыз осы. Барлық отандастарымызға мықты денсаулық пен игілік, елімізге бақ-береке тілеймін" дейді экс-президент. 

Қазақстанды 30 жылға жуық үздіксіз билеп, былтыр өз еркімен президенттіктен кеткен Нұрсұлтан Назарбаевтың коронавирус жұқтырғаны 18 маусымда хабарланған. Тура 14 күн өткен соң, 2 шілде экс-президенттің індеттен айыққаны белгілі болды. 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір