• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 17:55:31
Алматы
+35°

Алматы дәрігерлері Covid-19 жұқтырған 80 жастағы ақсақалға күрделі ота жасап, өміріне араша түсті, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Қалалық қоғамдық денсаулық басқармасының хабарлауынша, қария Ардагерлер үйінен қалалық кардиологиялық орталықтың жансақтау бөліміне жеткізілді.

«Келгенде ол кісі басы айналып, есінен танып, ауа жетпей, кеудесі ауырып түскен. Электрокардиографияға сәйкес дәрігерлер қалыпты жағдайда минутына 60-80 рет соғуы тиіс жүрек минутына 27 рет қана соққанын және қан толық жүрмей тұрғанын анықтады. Науқас бірнеше жыл бойы жасанды кардиостимулятор, электрокардиостимулятормен өмір сүрген екен. Уақыт шектеулі болғандықтан, оның үстіне миы зардап шеккендіктен реанимация бөлімінде шұғыл түрде уақытша эндокардиалды стимуляция орнатылды. Содан кейін жүрек соғысының жиілігі қалпына түсті. Келесі күні интервенционды аритмологтар операция жасап, құрылғыны ауыстырды. Егер уақытында медициналық көмек көрсетілмегенде, науқас қайтыс болатын еді. Қабылданған сәтте науқаста екі жақты пневмония бар екені анықталды. Пациент Covid-19 жұқтырған. Бұл диагноз операция барысын қиындатқаны рас, бірақ біздің мамандар жақсы нәтиже көрсетті», - дейді бас дәрігер Алмат Қодасбаев.

Тексеру кезінде науқастың электростимуляторының қуаты таусылғаны анықталған.

Операциядан кейін науқас жұқпалы аурулар ауруханасына коронавирус инфекциясын емдеуге жіберілді.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Алматы Covid-19

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір