• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 06:30:12
Алматы
+35°

Алматыда қоғамдық көліктің саны артады, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.

Қалалық әкімдіктің мәліметінше, 2019 жылы Алматыға 450 жаңа қоғамдық көлік жеткізілді. Оның 260-ын - коммуналдық парктер, 190-ы жеке тасымалдаушылар сатып алды. 260 автобус – газбен, 180 көлік - жанар-жағармаймен жүреді. Сондай–ақ, 10 электр автобусы бар.

«2020 жылы 167 қоғамдық көлік сатып алу жоспарда бар. Газбен жүретін 120 автобусты коммуналдық парктер сатып алады. Жеке тасымалдаушылар дизельмен жүретін 40 автобус және электрмен жүретін 7 автобус алады», - деп хабарлады әкімдік.

Сондай-ақ, Алматыда 10 млрд теңгеге ұзындығы 172 шақырым троллейбус желісі жаңартылып жатыр. Бұл жұмыс 2021 жылы аяқталады.

«2020 жылы 210 жаңа стандартты аялдама орнатылады. Оның 10-ы - әлеуметтік жауапкершілік аясында инвестор есебінен, 200-і - бюджет есебінен қойылады»,– деп толықтырды әкімдіктегілер.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Алматы көлік автобус

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір