• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 14:23:26
Алматы
+35°

Алматыда жұмыс іздеушілердің саны артты. Жұмыспен қамту орталығына күніне 500 адам жүгінеді. Бұл туралы Алматы қалалық жұмыспен қамту орталығының директоры Диляра Иманқұлова айтты. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Күн сайын бізге 500-ге жуық адам келеді. Оларды шұғыл түрде жұмысқа орналастыру үшін барлық шараларды қарастырамыз. Біздің орталық арқылы бүгінгі күнде 12 мың адам жұмыспен қамтылды»,– деді орталық директоры Диляра Иманқұлова

Сонымен қатар, ол санитарлық талаптарды сақтау мақсатында аудандарда қосымша қабылдау бөлімдері ашылғанын айтты.

«Жұмыспен қамту орталығына келушілердің санын азайту және әлеуметтік арақашықтықты сақтау мақсатында қаланың бес ауданында қабылдау бөлімдерін аштық. Біздің мамандар онда адамдарға тезірек қызмет көрсетуге тырысып жатырмыз. Біз барлық қауіпсіздік нормаларын сақтаймыз»,– деді Диляра Иманқұлова.

Оның айтуынша, қазір қоғамдық жұмыстарға сұраныс жоғары.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір