• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 23:31:26
Алматы
+35°

Қазақстанның барлық өңірлеріне қосымша коронавирус жұқтырған науқастар үшін төсек орын қажет. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді.

Онлайн брифинг кезінде министрден қазіргі уақытта шипажайлар мен спорт мекемелері қолданысқа беріліп жатса, елорда мен Алматыда жұқпалы ауруларға арналған емханалардың соғылуы қаншалықты қажет екені туралы сұралды.

– Қажеттілік туындауы міндетті түрде болады, себебі барлық орындар толған, барлық өңірлеріде қосымша төсек орын қажет. Соның ішінде жаңа аурухана салынған қалалар да бар. Ол жерде қазір орын болмағандықтан біз басқа да медициналық мекемелерден жаңа төсек орындар дайындап жатырмыз, – деді Алексей Цой бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір