• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 15:41:25
Алматы
+35°

Бейжің Гонконг тұрғындарына Ұлыбританияның ұлттық төлқұжат беруін тоқтатуын ескертіп, Лондонға қатаң ескерту жасады. Бұл туралы Қамшы тілшісі The Guardian газетіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ұлыбританиядағы Қытай елшісі Лю Сяоминның айтуынша, Лондон халықаралық заңдарды бұзып отыр. Елші Қытайдың ұлттық қауіпсіздік туралы жаңа заң жобасынан қашқан Гонконг тұрғындарын Ұлыбританияның қабылдау құқы жоқ екенін және мұндай қадамды тоқтату үшін Бейжің "тиісті шаралар" қабылдайтынын айтқан.

Қытай елшілігінің ескертпелері премьер-министр Борис Джонсон бұрынғы британдық колонияның 3 миллионға жуық тұрғынына "Шетелдегі Ұлыбритания азаматы" мәртебесіне ие құжат пен тұру құқығын ұсынуға уәде берген соң келген.

Ұлыбританияның сыртқы істер министрі Доминик Рааб егер гонконгтықтардың Ұлыбританияға келуіне Бейжің жол бермеуге тырысса, Қытайды "мәжбүрлеу" үшін Лондонның күші жеткіліксіз екенін мойындаған.

Бейсенбіде Қытайдың Ұлыбританиядағы елшісі "бұл оқиға екі ел арасындағы келісімдерді бұзады" деп мәлімдеген және Британияның ұлттық қауіпсіздік заңнамасын "жауапсыз және негізсіз" деп атап, сынға алған.

– Біз бұған толықтай қарсылық білдіреміз және тиісті шаралар қабылдау құқығын сақтаймыз. Ұлыбританияның Гонконгтың егемендігіне, заңдарына қатысы жоқ немесе қадағалау құқығы да жоқ, – деген Қытай елшісі бейсенбі күні елшіліктің сайтында жарияланған хабарламада.

Бейсенбіде Австралияның премьер-министрі Скотт Моррисон Бейжіңнің "өте маңызды" шешімінен кейін Гонконг тұрғындарын қауіпсіз баспанамен қамтамасыз ету схемасы бойынша Австралия билігінің жұмыс істеп жатқанын айтты. Моррисон Австралия "қолдау көрсетуге дайын" деп мәлімдеген. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір