• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 17:44:02
Алматы
+35°
Түркістанда карантин талаптарын сақтамай, құдалық өткізуге рұқсат берген мейрамхана анықталды. Бұл туралы облыстың баспасөз қызметі хабарлады.
 
"Сенбі, жексенбі күндері жұмыс істеуге тыйым салынған нысандарды бақылап, рейд жүргізу кезінде жергілікті полиция қызметінің инспекторлары Арыс қаласы көшелерінің бірінде орналасқан мейрамхананың жұмыс істеп, ішінде адамдар топтасып, құдалық өткізіп жатқанын анықтады, делінген хабарламада.
 
Өңірде инфекциялық ауруларды жұқтырған науқастар саны азаймай, карантин режимі жағдай тұрақтанғанша жалғасады. Түркістан облысы бас санитар дәрігерінің шешіміне сәйкес, шектеу шаралары қайта күшейтілген.
 
Облыстың полиция департаментіне қарасты барлық полиция бөлім, басқарма қызметкерлері адам көп шоғырланатын қоғамдық орындар, базар, кафелерде түсіндірме жұмысын жүргізуде. Арнайы көлікпен көше-көшені аралап, қауіпсіздік шараларының, арақашықтықтың сақталуын ескертіп жүр.

Осы заңсыздық бойынша қажетті материалдар жинақталып, санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдарына жіберілді.

 

 
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір