• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 05:07:20
Алматы
+35°

Apple компаниясы Вашингтон мен Бейжің арасындағы шиеленіс жағдайында Қытайдағы "App Store" дүкендеріндегі табыс әкелетін iPhone ойындарының жаңартуларын тоқтатқан. Бұл туралы Қамшы тілшісі The Financial Times басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Сәрсенбі күні АҚШ технология алпауыты белгілі бір ойындар қытайлық "App Store" дүкеніне жүктелетін болса, қытай билігінен қажетті рұқсаттарды алу керек екенін жариялады.

The Financial Times жариялаған "AppinChina" сандарына сәйкес, қазіргі уақытта қытайлық "App Store" дүкенінде 60 000-ға жуық мобильді ойындар бар, олар ақылы немесе қосымша сатып алуларға арналған. Алайда, қытайлық реттеушілер 2010 жылдан бері тек 43000-нан астам лицензия шығарған, ал 2019 жылы 1,570 лицензия ғана берілген. Нәтижесінде жаңа ережелерге сай келмейтін мыңдаған ойындар Қытайда қолжетімсіз болған. 

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Қытай Apple компаниясы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір