• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 15:00:53
Алматы
+35°

Бүгін әлеуметтік желіде «Сарыағаш ауданында түстен кейін вирус себіледі екен, балаларды далаға шығармаңыздар» деген ақпарат таратылған. Алайда ақпараттың жалған әрі шындыққа жанаспайтыны анықталды. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Қазіргі уақытта Отырар ауданының 1973 жылы туған тұрғыны анықталды. Әйел WhatsApp арқылы жалған ақпарат таратқан. Осылайша ол әкімшілік жауапкершілікке тартылды" делінген хабарламада.

Түркістан облысының баспасөз қызметі тұрғындардан осы секілді мәтінде жарияланған ақпараттарға сенбеуге шақырып, дәлел-дәйексіз, ел ішін дүрліктіретін ақпарат таратқандарды ҚР Қылмыстық кодексінің 274 бабы "Көрінеу жалған ақпарат тарату" бойынша жауапқа тартылатынын ескертті.

Әйел өзіне хабарлама мессенджердегі басқа топтардан келгенін айтты. Ол ақпараттың жалған екенін білмегенін және бұдан кейін мұндай жалған мәлімет таратпайтынын жеткізді.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір