• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 04:31:46
+35°

Бүгін облыс әкімі Оңдасын Оразалин өңірдегі ақ халаттылармен кездесті. Жиынға облыс әкімінің орынбасарлары, денсаулық сақтау басқармасының басшылығы, және медициналық мекемелердің бас дәрігерлері қатысты.

Кездесу барысында Covid-19, пневмонияға шалдығушыларды емдеуге қатысты мәселелер талқыланды.

– Біздің жағдайымызды сырттан келіп ешкім шешпейді. Өз күшімізге сенуіміз керек. Бұған дейін де айтқандай мен ақ халаттылардың жауапкершілігі мен біліктілігіне, тәжірибесіне сенемін. Қолымыздан келгенше бар жағдайды жасаймыз – деді аймақ басшысы

Бұған дейін дәрігерлердің ұсынысымен орта есеппен 100-200 орынға арналған күндізгі стационар жұмыс жасауды бастаған. Облыста науқастарды қабылдауға арналған орындар саны жеткілікті. Жақында қосымша «Дару», емдеу мекемесінен 150 орын ашылып, науқастарды қабылдау жұмыстары жүргізілмек. «Ақбөбек» емдеу мекемесінің талапқа сай келетіндігі тексерілуде.

Облыстық туберкулезге қарсы диспансерде үш, Темір жол ауруханасында төрт жасанды желдету аппараты (ИВЛ) бар. Жалпы облыста 125 аппарат бар. Тағы 50-ін алдырту үстінде. Оның 30 бүгін беріледі. Бас дәрігерлері осы құрылғының санын арттыру қажеттігі туралы ұсыныстарын білдірді. Сонымен қатар, науқастарға қызмет көрсетуде дәрігер санының жетіспеушілігіне байланысты, аудандық ақ халаттылар мен медицина мамандығында білім алатын студенттер жұмылдырылатын болады. Яғни, М.Оспанов атындағы медициналық академиясының 112 резиденті мен 165 оқытушылық-профессорлық құрамы тартылды.

Жедел жәрдем қызметі мен провизорларға қосымша көмекке Ақтөбе медициналық колледжінің студенттері қол ұшын созады. Өңір басшысы дәрігерлердің жанқиярлық еңбектеріне алғыс білдіріп, қиын кезеңді бірге жеңетіндеріне сенім білдірді. Және жоғарыда аталған ұсыныстарға қаржылық тұрғыдан қолдау көрсетілетіндігін жеткізді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір