• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 17:15:13
Алматы
+35°

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында Ресейдің үкіметі мен жоғары басшылғына ризашылғын білдіретін жазба жариялады.

"Ресей үкіметі коронавирус пандемиясына қарсы күресу үшін Қазақстанға гуманитарлық көмек беру туралы шешім қабылдады. Ресейдің жоғары басшылығына дер кезінде медициналық препараттар мен дәрілер жеткізгені үшін ризашылығымды білдіремін" деп жазды Тоқаев.

Бұған дейін бірқатар БАҚ Ресей Қазақстанға дәрі-дәрмек және шығыс материалдарымен бірге тест жүйелері түрінде гуманитарлық көмек, жұқпалы аурулар госпитальдары мен вирусологиялық зертханаларды ашу бойынша мамандар жіберетінін жазған еді.

Соңғы ресми ақпаратқа сәйкес, елде 41 055 адамнан коронавирус табылған. Осы уақытқа дейін олардың 13558-і жазылды, 188-і көз жұмды. 

Қазақстан билігі елде коронавирусқа байланысты 16 наурызда басталып 2 айға жуық  созылған төтенше жағдай режимін алып тастаған соң вирус жұқтырғандар саны күн сайын көбейіп жатыр. Маусым айының басынан бері елде күніне 1000-нан астам адамнан вирус табылып жүр. 

 





"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: коронавирус

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір