• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 08:05:03
Алматы
+35°

Қазақстандық хоккейші Бұлбұл Қартанбаева АҚШ-тағы "Princeton Tiger Lilies" деп аталатын әйелдер хоккей клубының бас бапкері болып тағайындалды. Бұл ақпаратты Қазақстандағы АҚШ-тың  елшілігі хабарлады. 

"Қазақстандық Бұлбұл Қартанбаеваны құттықтаймыз. Бүгін ол Американың Нью-Джерси штатындағы "Princeton Tiger Lilies" хоккей клубының бас бапкері қызметіне кірісті" деп жазды елшілік Instagram парақшасында.

Бұлбұл Қартанбаева хоккей спортындағы ең танымал лига, ҰХЛ-нің (Ұлттық хоккей лигасы)  әйелдер лигасының тарихындағы бірінші қазақстандық спортшы. Ол өткен жылы америкалық "Метрополитен Риветерс" (ред. қазір Нью-Йорк Риветерс) клубымен келісімшартқа отырған болатын.

Қартанбаева Қазақстанда – "Томирис" хоккей клубында ойнаған, 2011 жылдан бері ұлттық құрама мүшесі.



"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір