• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 15:04:27
Алматы
+35°

Шымкент қаласының "Нұрсәт" ауруханасында 11 жастағы Балауса Нұржанқызы лейкемия ауруынан емделіп жатыр. Ол бұл аурумен 1,5 жылдан бері күресуде. Қазіргі уақытта Балаусаның жағдайы күннен-күнге нашарлауда. Денесіне түрлі жаралар шығып, бір аяғын баса алмай қалған.

Ол ауруханада қажетті ем шараларын қабылдап жүргенде С гепатитін жұқтырып алған.

Науқас осы уақытқа дейін 7 рет химия-терапия қабылдаған. Алайда жағдайы жақсармады. Қазіргі уақытта емделу үшін Ресейге бару керек болып тұр. Қажетті ем шараларын қабылдау үшін 250 мың доллардан аса қаражат қажет. Ауруы асқынған Балауса әлеуметтік желі арқылы халықтан көмек сұрауда.

– Балалардың бәрі бассейнге шомылады. Ал мен болсам, қарап отырамын. Тісім де, аяғым да ауырады. Мен ойнай алмаймын... Менің жата бергім келмейді! Жатсам да ыңғайымды таба алмаймын... Бақытты өмір сүргім келеді! Менің жазылғым келеді!, – деп жанайқайын білдірді Балауса.

"Нұрай" қайырымдылық қорының басшысы Болатбек Қоңырбаев бүгіннен бастап емге қаражат жинап бастағанын желідегі парақшасында хабарлады.

– Біз әлеуметтік желіге "Балаусаның 2 апта өмірі қалды" деп ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мырзаның назарына қарата жазба жарияладық. Алайда бұл дертпен ауыратындар ұзақ өмір сүрмейді. Сондықтан уақыт барда қолдан келгенше көмек қолымызды созып, 100 млн – 225 млн теңге аралығындағы қаржыны жинауға атсалысайық, – деді Болатбек Қоңырбаев.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір