• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 03:09:24
Алматы
+35°

Алматы облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Қайрат Баймұхамбетов Алматы облысында тағы да карантиндік шектеу шаралары енгізілетіні туралы айтты.

– Жиналыстарды, кеңестерді, конференцияларды, форумдарды, семинарларды, съездерді және адамдар көп жиналатын басқа да іс-шараларды өткізуге тыйым салынады. Қоғамдық тамақтандыру объектілерінің қызметі 30-дан астам отыратын орын-жайларда және 50-ден астам отыратын жазғы алаңдарда, онлайн-тапсырыстарды ұйымдастыруды және жеткізуді қоспағанда, тоқтатыла тұрады. Сонымен қатар, стационарлық медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау объектілерінде жоспарлы емдеуге жатқызу, сондай-ақ халықты жоспарлы иммундауды, жүкті әйелдерді қабылдау мен скринингті қоспағанда, жоспарлы медициналық қызметтерді қабылдау және көрсету тоқтатылады, – дейді ол.

МСАК дәрігерлерінің жоспарлы қабылдауы және амбулаториялық-емханалық ұйымдар дәрігерлерінің жоспарлы консультациялары қашықтан қызмет көрсету форматына ауыстырылады.

– ХҚКО, Оpen Талдықорған сервисі, бизнес орталықтарының (сақтандыру компаниялары, есепші және консалтинг қызметтері, жылжымайтын мүлік агенттігі, жарнама агенттіктері және т.б.) жұмысы онлайн форматқа өтеді, – дейді Қайрат Баймұхамбетов.

Оған қоса онлайн-формат көзделмеген қызметтерді көрсету алдын ала жазылу арқылы, электрондық кезекпен, жұмыс кестесімен сағат 10:00-ден 16:00-ге дейін жүзеге асырылатын болады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір