• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 23:44:09
Алматы
+35°

Алматы қаласы әлеуметтік әл-ауқат басқармасы басшысының орынбасары Данияр Әлкебайұлы Алматыда жыл басынан бері 22 мың адам жұмыспен қамтылғанғанын мәлімдеді.

– Жыл басынан бері Алматы қаласы Жұмыспен қамту орталығына 36 мыңнан астам адам жүгінген. Оның 22 мыңы жұмыспен қамтылған, яғни 17 мыңы тұрақты жұмыс орны, 5 мыңы уақытша жұмыс. Қоғамдық жұмысқа 4 039 адам орналасты, – деді ол. 

Одан бөлек "Бизнес Бастау" курсынан өткен 706 адам қаржылай грантқа ие болған, ол адамдар қазір өз кәсіптерін ашып, жұмыс істеуде. 

Алматы қаласы Халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Диляра Иманқұлова орталыққа күніне 200-500 аралығында адам жүгінетінін айтады.

– Карантин кезінде жұмыспен қамту орталығына жүгінетіндер саны екі есе артты. 5 мыңнан аса адам жүгінді. Одан бөлек тағы 12 мың адам кеңес сұрап келген. Қаладағы жұмыссыздықты болдырмас үшін қазір "Жұмыспен қамтуды жол картасы" іске қосылған. Ол, әсіресе, құрылыс саласына бағытталған, сондықтан осы салада көптеген адам тұрақты жұмыспен қамтылды, – дейді ол. 

Жұмыспен қамту орталығына Алматыда тіркеуде тұрған немесе уақытша тіркеуде тұрған адамдар жүгіне алады. Орталықта жұмыс іздеушілерден талап етілетін құжаттар: жеке куәлік, диплом (егер болса) және еңбек карточкасы.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір