• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 21:31:45
Алматы
+35°

Жуырда Американың белді басылымы The Washington Times «Nur Otan» партиясының праймеризіне қатысты мақала жариялады деп хабарлайды «Qamshy.kz». The Washington Times-тың жазуынша, Қазақстан азаматтық белсенділік пен әйелдер құқығы мен мүмкіндіктерін кеңейту арқылы демократияны нығайта түсті.

«Трамп президент ретінде қызметіне кіріскен сәттен бастап әлемдегі барлық үкіметтерге демократиялық реформалар мен еркіндік, әділдік пен теңдік идеалдарын ілгерілетудің қажет екенін айқын аңғартты. Оның президенттік үгіт-насихат кампаниясы бағыттарының бірі – сыртқы саясат курсына қатысты изоляционизм еді. Ол мұны үкіметтің шетелдердің істеріне араласу арқылы орасан зор қаржылық және адам ресурстарын жоғалтқанымен түсіндірді. «Ұлт құру» дегеніміз – Буш заманынан қалған мантра, өйткені ол кезде шетелдерде демократиялық құндылықтарды насихаттау тек олардың ішкі істеріне араласу арқылы мүмкін болады деген ұғым бар еді, бірақ ол қазір ескірді.

Ол әр мемлекет пен оның жетекшісі өз елінің мемлекеттік органдары мен жүйесін демократияландыру бойынша өздері шешім қабылдайтын жүйені жасақтады. Мұндай әрекеттерді ынталандыру мүмкіндігі ол үшін бірегей еді және ол мұндай мотивацияны жасақтауға ұмтыла түседі. Соңғы жылдары ауыз толтырып айтарлықтай демократиялық реформа жүргізген Орталық Азиядағы Қазақстан көптеген ел үшін тамаша үлгі. Президент Трамп 2018 жылдың қаңтарында Ақ үйде Қазақстанның бұрынғы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты қабылдаған болатын. Әкімшілік саяси процестерде демократиялық реформалар жасау ниетін байқатқан Қазақстанның ерекше траекториясын ескере отырып, онымен айрықша қарым-қатынас сақтап отыр.

«Nur Otan» партиясының праймериз шарасына дайындық жүргізілуде

Биыл тамызда Қазақстанда өтетін саяси праймериз қарсаңында елдегі билік партиясы – Nur Otan ашық және саяси бәсекелестікті ынталандыруға, сондай-ақ елдегі әйелдер мен жастардың мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған бірқатар демократиялық хаттамалар бекітті.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев парламенттік оппозиция алдында реформаларды талқылады. Ашық праймериз Қазақстан тарихында алғаш рет өткелі отыр. Бұл билік партиясы үміткерлері мен қоғам азаматтары арасындағы қарым-қатынастың тиімділігін арттырады. Модель шетелдік тұлғалар тарапынан үміткерді қаржыландыруға шектеу қоятын нақты шаралардың арқасында үміткерлер арасындағы бәсекелестікті арттырады.

Сонымен қатар алғаш рет үміткерлер арасында ашық пікірталастар өткізу міндеттелген әрі ол барша азаматтар үшін трансляция жасалады. Бұл дауыс беру кезінде мейілінше негізді шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Дискуссия сонымен бірге Қазақстанда Nur Otan жасақтап, енгізіп жатқан жүйенің демократиялық сипатын қолдауға жәрдемдеседі.

Партияның бастапқы таңдау үшін енгізген квота жүйесі Қазақстандағы демократиялық реформалар мен дамудың масштабын көрсетеді. Бастапқы іріктеу кезінде үміткерлердің кем дегенде 30 пайызы әйелдерден, тағы 20 пайызы жастардан құралуы керек. Аталған екі квотаны қалыптастыру мотивациясының екі сипаты бар. Біріншіден, әйелдер квотасы олардың мүмкіндіктері мен құқын кеңейтіп, олардың саяси және азаматтық процестерге араласуына ықпал етеді. Ал жастарға келсек, квота олардың демократиялық процестер мен сайлауға қатысуына түрткі болады. Праймериз жас буын үшін шынайы мүмкіндіктері бар үміткерлерге қол жеткізуге, билік партиясындағы басқарушы лауазымдарға сайлануға және үкімет шешімдеріне араласуға мүмкіндік береді.

Nur Otan партиясы бастаған осынау реформалар – Қазақстанда қалыптаса бастаған жаңа саяси мәдениеттің бір бөлшегі. Бәсекеге түскен үміткерлері бар, бәсекелестікке негізделген саяси философиясы мен ұстанымы бар партия елдің мүддесін де қорғайды. Демократиялық мәдениеттің бұлай дамуы балама көзқарастар мен пікірлердің айтылуына мүмкіндік беріп, азаматтық белсенділіктің артуына ықпал етеді.

Әрине, мұндай арнайы квота бөлу тәжірибесі Бельгия, Франция мен Германия тәрізді дамыған Батыс Еуропа елдерінде бар болғанымен, мұндай шара Қазақстан тәрізді Орталық Азияның дамушы мемлекеті үшін теңдессіз фактор. Бұл – барлық демократиялық реформаторлар мен белсенділер үшін монументалды және сейсмикалық сілкініс.

Маған, америкалық азамат үшін, өзге халықтар, біздің одақтастарымыз біздің құнды демократиялық моделіміз бен сайлау процесімізге ұмтылып жатқанын көру мақтаныш сезімін ұялатады. Ал Қазақстан тәрізді елдердің өздерінің саяси жүйесіне тиімді әрі ұзақ мерізімді демократиялық реформаларды енгізу бастамасын қолға алуы тіптен мол үміт күттіреді. Бізге осындай ынтаға назар аудартып, қажет кезде оны тиісті деңгейде мойындауды қамтамасыз ету жауапкершілігі жүктеліп отыр. Қазақстан мен Nur Otan саяси партиясы, расында құрметке лайық».

Джесси Джейн Дафф,

Лондон саяси зерттеулер орталығының қызметкері және Трампты қолдаушы Ардагерлер кеңесінің тең төрағасы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір