• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 09:12:47
Алматы
+35°

Ядикар Ганиев атты Facebook қолданушысы АҚШ пен Қытай арасындағы экономикалық жағдайды баяндап, ұйғыр халқының тәуелсіздікке қол жеткізуі үшін жетекші елдердің қолдауын сұрады.

– Кеше ғана Трамп Қытайға санкция салудан бас тартқан болатын. Оның басты себебі – ұйғыр халқына байланысты. Трамптың ойынша санкция салудан да ұтымды әдіс бар. Біз мұны түсінуіміз керек. Себебі кез келген мемлекет бірінші кезекте өзінің пайдасын ойлайды және ұтымды әдістерді қолданады. Қытай мемлекеті белгілі бір межеден шығып кетті. Бұл Американың беделді азаматтарының намысына тиді. Ешкім Қытайды әлемдік экономикада алдыңғы орынға шығады деп ойлаған жоқ, – деді Ядикар Ганиев.

Ол өз сөзінде соңғы болып жатқан жағдайларға байланысты Қытай экономикасы алдыңғы орынға шықты деп атап өтті.

Сондай-ақ ол ұйғыр халқы тәуелсіз ел болуға қақылы және сол тәуелсіздікке Еуропаның жетекші елдері қолдау білдіріп, БҰҰ-ның дауыс беруі арқылы қол жеткізуіне болады деп атап айтты.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір