20 Маусым, 2020 Спорт

Головкин карьерасын қашан аяқтайды? (видео)

prosports.kz

Орта салмақтағы IBF және IBO чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) Matchroom Boxing промоутерлік компаниясының YouTube-тегі "The Lockdown Tapes" арнасына берген сұхбатында карьерасын аяқтау туралы сұраққа жауап берді.

"Қазір өз ісімнен ләззәт аламын. Отбасым немесе жеке басыма қатысты ұстанымдар кері тартпайды. Бокспен айналысуға уақытым бар, одан рахаттанамын. Ал бокстан ләззәт алмай қалған уақытта бәрін қоятыным сөзсіз. Сонымен қоса, денсаулығым сыр бере бастаса да тоқтатамын.

Қазіргі таңда өзіме жетерліктей жағдай жасадым. Бірақ адамның жаратылысы сол, бәрібір аз болып тұрады. Дамытуға болатын түрлі бағыт бар – рекорд, ақша, жетістік, басқа да – не қалайтыныңа байланысты. 

Әл әзірге қарапайым адамның өмірін кешетінімді елестете алмаймын. Өйткені іштегім, боксқа ұмтылысым ешқашан өлмейді. Қазір көрсетіп жатқаным менімен мәңгі қалады, адам өзгермейді" – деді Головкин.

38 жастағы Головкин 2006 жылдан бері кәсіпқой бокста жүр. Ол осы уақытқа дейін 42 жекпе-жек өткізген. Оның 40-ында жеңіске жетті, бір рет тең түсіп, бір рет ұтылып қалды. 

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір