• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 11:00:37
Алматы
+35°

Шымкент-Самара тас жолында трактор мен жеңіл автокөлік соқтығысып, 1 жолаушы көз жұмды. Бұл туралы Polisia.kz сайты хабарлады.

"Шымкент-Самара автожолының 141-ші шақырымында жол апаты болды. Hyundai Creta маркалы жеңіл автокөлігі алда келе жатқан тракторды соғып кетті. Салдарынан жеңіл көліктің бір жолаушысы көз жұмды, ал зардап шеккен екінші жолаушы жедел түрде ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта апаттың себебі анықталып жатыр" делінген Polisia.kz хабарламасында.

Түркістан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, осы жол апаты бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабыне (Көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы) сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталған.

Полиция қызметкерлері болған жағдайдың мән-жайын анықтап жатыр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір