• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 02:01:38
Алматы
+35°

Алматыдағы балабақшалардың бірінде тәрбиешінің балаларды азаптап жатқан видеосы жарияланып, желіде резонанс тудырды

Видеода балалар орындықта отыр. Ал қарама-қарсы бетте тәрбиеші тұр. Ол кішкентай баланы құлағынан ұстап, есік жаққа алып кетті. Содан тағы бір баланы қолынан алып, құлағынан ұстап басқа бөлмеге алып кетеді. 

Бейнекадрда ата-анадан кешірім сұрап жатқан тәрбиешінің сөзі естіліп қалған. 

Болған оқиғаға Алматының білім басқармасы түсінік берді.

Оқиға Клочков көшесінде орналасқан № 7 ясли-балабақшасында болған.

– Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылды. Егер дерек дәлелденсе, жауапты қызметкерлер, оның ішінде, меңгерушіден бастап барлығы заңға сәйкес жазаланатын болады, – деді Білім басқармасының қызметкері Қуандық Ешімет. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір