• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 01:22:07
Алматы
+35°

Жамбыл облысында мектеп оқушыларының жаппай төбелесі кезінде қайтыс болған бір жасөспірімге қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.

– Кәмелетке толмаған жасөспірімнің өлімі бойынша тергеу жұмыстары басталды. Қазіргі уақытта төбелеске қатысушылардың барлығы анықталып, жауап алынды. Қоғамдық тәртіпті бұзғандары үшін балаларға ҚР қылмыстық кодексінің 293-бабы 2-бөлігі (бұзақылық) бойынша іс қозғалды. Сондай-ақ аталған дерек бойынша бірқатар сот медициналық сараптамалар тағайындады, – деді Жамбыл облысы полиция департаментінің басшысы Жанат Сүлейменов.

Оның айтуынша, тергеу барысында балалардың неліктен мұндай әрекетке барғаны анықталды. 

Еске сала кетейік, Жамбыл облысында мектеп оқушыларының жаппай төбелесі кезінде бір жасөспірім көз жұмған болатын. Қайғылы оқиға маусымның 12-нен 13-не қараған түні сағат 23:40 шамасында болған. 5 балаға 16 жеткіншектің жабылуы салдарынан, 15 жастағы Оралбек Кетебаев 8 жерден пышақталып, ауруханада жан тапсырған болатын.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір