• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 23:50:49
Алматы
+35°

Шығыс Қазақстан облысының Аягөз ауданында жойқын дауыл кезінде 7 адам зардап шекті. Бұл туралы облыс әкімі Даниал Ахметов  Instagram парақшасында жазды. 

– Кеше кешке Аягөз ауданында жылдамдығы секундына 28 метрге жеткен екпінді жел соғып өтті. Бүгін ауданда төтенше жағдай жарияланды. Орынбасарым Б.Баяхметов бастаған арнайы комиссия жолға шықты. Оқиға орнында барлық коммуналдық және апаттық қызметтер жұмыс жүргізуде. Қалпына келтіру жұмыстарын бір апта ішінде аяқтауды тапсырамын. Қажетті қаражат бөлінеді, – деді Д. Ахметов.

Оның айтуынша төтенше жағдай салдарынан 72 тұрғын және 19 көпқабатты үйлер, сондай-ақ 8 әкімшілік ғимарат зардап шеккен.

– Ағаштар мен бұтақтардың құлауы салдарынан электр желілері үзілді. Нәтижесінде 3679 абонент электр жарығынсыз қалған еді. Қазіргі уақытта кезең-кезеңімен жарықты қосып жатыр. ШҚ ӨЭК-ның 5 апаттық бригадасы жақын арада қалған 700 абонентте жұмысты аяқтауы тиіс. Қалалық ауруханаға түрлі дәрежедегі жарақаттармен 7 адам жүгінген. Қазір жағдайлары тұрақты, стационарда бір науқас жатыр, – деп жазды облыс басшысы.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір