• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 22:54:20
Алматы
+35°

Бұл туралы брифингте Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жамал Жаманбаева мәлімдеді. Бұл дерт белгілері симптомдық және симптомсыз деп екіге бөлінеді.

«Біздің өңірде вирустың симптомдық түріне шалдыққан 379 адам бар. Ақтау қаласында 105, Жаңаөзенде 38, Түпқараған ауданында 6, Қарақия ауданында 47, Маңғыстау ауданында 14, Мұнайлы ауданында 22, Бейнеу ауданында 147 науқас тіркелді. Оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалардың саны 49-ды құрайды. Сырттан келіп тіркелген науқастар алты адам. Жергілікті жерден 147 ауру азамат анықталды. Сырқаттармен жақын қарым-қатынаста болған 226 адам тіркелді» - деді Ж.Жаманбаева.

Қазіргі таңда облыс көлемінде инфекциялық стационарлар жұмыс істеп тұр. Ақтаудағы стационарда 66 адам, Бейнеу ауданында 39, Жаңаөзен қаласында 39 адам емдік шараларын қабылдап жатыр.

«Ал, Ақтаудағы провизорлық стационарда 153 адам бар. Шетпе ауылында 4 адам, Жетібайда 4 адам, Жаңөзенде 11, Бейнеу ауданында 59 адам емделуде. Қазіргі уақытта бұл ауруды жұқтыру негізінен жақын қарым-қатынас есебінен тіркеліп жатыр. Бұл ретте 47,8 процентке жетіп отыр. Бұл өте жоғары көрсеткіш. Соның ішінде бізді алаңдатып отырғаны Бейнеу ауданындағы ахуал. Әлгі ауданға 6 мамыр күні облыс әкімінің орынбасары Қ.Жұмашев, 18 мамыр күні облыс әкімінің орынбасары Н.Қилыбаев бастаған мамандар, 4 дәрігерлер бригадасы барған болатын. Бұл бригадалар сол жерде жұмыс жасап келді. Қосымша ашылатын стационарларды тексеріп, карантин уақытында атқарылып жатқан іс-шаралармен танысты. Медициналық құрал-жабдықтар мен жеке қорғаныш құралдар қорының жеткілікті екендігіне көз жеткізуге баса мән берілді» - деді өңірлік денсаулық сақтау басқармасының басшысы.

Ведомство жетекшісінің сөзінше, жуық арада 5-ші дәрігерлік бригада Бейнеу ауданына жіберіледі. Ақ халатты мамандар қазір соған дайындық үстінде.

Өкінішке қарай, Covid-19 дертіне шалдыққандардың арасында медицина қызметкерлері де бар. Науқастарға емдеуге жұмылған 61 маңғыстаулық дәрігерден осы сырқат белгілері анықталды. Оның 29-ы қазір ауруханада жатыр. Тағы 21-і жазылып шыққан. Қалған 19-ы үй жағдайында бақылауда ұсталып отыр.

«Осыған орай барлық азаматтарды жеке карантин ережелерін қатаң сақтауға шақырамын. Той-садақа, басқа да шараларға барып жүрген адамдар бар. Бұл, өзіне де, жақындарының өміріне қауіпті. Қоғамдық орында, жабық кешенде мүмкіндігінше арқашықтық сақтап, бетперде тағып жүру керек. Кеңсе қызметкерлерінің үйден жұмыс жасауына ауысқаны абзал. Туған-туыстарыңызбен телефон, бейнеқоңырау арқылы сөйлескеніңіз дұрыс. Беті-қолыңызды жиі сабындап жуып, санитайзерлермен сүртіп жүру маңызды. Өзіңіздің және отбасы мүшелерінің дене температурасын жиі өлшеп тұрыңыз. Егер де, бойыңыздан әлсіздік, бас ауыруы, тамақ ауырса, дене қызуы көтерілсе дереу дәрігерге хабарласу керек. Үйде отырып емделуге болмайды. Осыны есте сақтаңыздар» - дейді Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жамал Жаманбаева.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір