• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Сәуір, 11:42:33
Алматы
+35°

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ведомствоның аппарат жиналысында мұғалімдерге жалақы мен демалыс ақысының уақытылы төленуін тексеріп, қысқа мерзім ішінде тиісті шаралар қолдануды тапсырды. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.

Еңбек демалысына шыққан педагогтердің 93%-ы демалыс ақысын уақытылы алды. Қалған 7%-ына уақытылы төлемегені анықталды.

Жұмыс берушілер мұғалімдерге еңбек демалысының төлемін кешіктіргені немесе төлемегені үшін заңға сәйкес жазаланады деп атап өтті.

– Министрлік мұғалімдердің шағымдарын қарастырып, демалыс ақысын төлеу бойынша жағдайды бақылауда ұстап отыр. Бюджетте жалақыға да, еңбек демалысы ақысына да қаражат қарастырылған. Яғни ақша бар, бірақ кейбір аймақтарда төлемнің уақтылы жасалмағаны анықталды, – деді БҒМ баспасөз хатшысы Гаухар Омарбек.

БҒМ министрі Асхат Аймағамбетов білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетіне еңбекақыны уақытылы төлемеу, оның ішінде мұғалімдерге төленетін демалыс ақысы туралы фактілерді тиісті шара қолдану үшін облыстық мемлекеттік еңбек инспекцияларына жіберуді тапсырды.

Заңға сәйкес мектептер мен балабақшалардағы педагогтерге жалақы төлеу тікелей ауданның немесе қаланың бюджетінен жүзеге асырылады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір