• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 10:24:51
Алматы
+35°

Ким Чен Ынның қарындасы Оңтүстік Кореяға қарсы әскери қимылдар жоспарлап отырғанын айтса, Трамп Солтүстік Кореяны толығымен жойып жіберетінін мәлімдеген. Бұл туралы Қамшы тілшісі британиялық The Express басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Жақында Ким Чен Ынның қарындасы Солтүстік Корея Сеулге қарсы әрекет жасайтынын және әскери күштеріне оны жүзеге асыруын тапсырған. 

– Мен жоғарғы басшының, біздің партияның және мемлекетіміздің өкілеттігін қолдана отырып, қарсыластарға келесі әрекетті батыл жүргізуді тапсырдым: Жауға қарсы келесі іс-қимыл жасау құқығы біздің армияның бас штабына жүктеледі, – деді Ким Чен Ынның қарындасы.

Оның бұрын-соңды болмаған агрессиясы АҚШ-тың басты одақтасы Сеулдің алаңдаушылығын тудырды.

Басылымның жазуынша, Солтүстік және Оңтүстік Корея арасындағы кез келген жанжал 3-ші дүниежүзілік соғысқа ұласады деп болжануда, өйткені Қытай Ким Чен Ынның коммунистік мемлекетіне жанашырлық танытады, ал АҚШ капиталистік Оңтүстікпен одақ.

Вашингтон мен Пхеньян байланысы біраз уақыт бойы шиеленісіп келген. 

АҚШ президенті Дональд Трамп БҰҰ-ның бас ассамблеясына жолдаған алғашқы үндеуінде Солтүстік Кореяны толығымен жойып жіберетінін айтқан.

– Біздің ғаламшарымыздың қасіреті – жалған режимдердің шағын тобы. Егер әділ адамдар зұлым адамдарға қарсы шықпаса, онда зұлымдық жеңіске жетеді, – деді Трамп.

Артынша ол Солтүстік Кореядағы ұрлау, қысым көрсету және ядролық сынақтар туралы айтқан.

– АҚШ үлкен күш пен шыдамдылыққа ие. Егер өзімізді немесе одақтастарымызды қорғауға мәжбүр болсақ, бізде Солтүстік Кореяны толығымен жоюдан басқа амал қалмайды, – деді АҚШ президенті.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір