• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 10:20:48
Алматы
+35°

15 Маусым, 2020 Экономика

Қазақстанда дәрі-дәрмек бағасы қымбаттады

Жалпы фармацевтикалық препараттардың бағасы бір жылда 7 пайызға артқан

Көрнекі сурет

Қазақстан дәріханаларында бір жылда ең көп қымбаттағаны – антисептиктер, бағасы 17 пайызға өскен. Сонымен бірге ыстық түсіретін дәрілер 8,5 пайызға қымбаттаған, деп хабарланды energyprom.kz зерттеуінде.

Жалпы фармацевтикалық препараттардың бағасы бір жылда 7 пайызға артқан.

"2020 жылдың қаңтар-сәуір айларында Қазақстанның фармацевтикалық компаниялары 41,9 млрд теңгенің негізгі фармацевтикалық өнімдерін шығарды. Бұл – бір жыл бұрынғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 33,9 пайызға көп. Инфляцияны есепке алғанда шынайы өсім 24,2 пайызға теңескен. Сектордағы өндірістің төрттен үш бөлігі (75,7%) үш аймақта, атап айтқанда, Алматы облысында (11,6 млрд тг, бір жыл ішінде +3,1%), Шымкент қаласында (11,4 млрд тг, бір жыл ішінде +6,5%), Алматы қаласында (8,8 млрд тг, бір жыл ішінде +39,3%) шоғырланған" делінген зерттеуде.

Жалпы дәрі-дәрмек өндірісінің көлемі 37,9 млрд теңгеге жеткен. Шынайы өсім – өткен жылға қарағанда 50,4%-ға көп. Өндірістің ауқымды бөлігі Шымкент қаласына (11,4 млрд тг) тиесілі.

"2020 жылдың мамырында фармацевтикалық препараттар 6,9 пайызға (өткен жылдың мамырымен салыстырғанда) қымбаттады. Аймақтардың ішінде бағалардың өсуі Павлодар облысында (бір жылда 9,4%), Ақмола облысы (бір жылда 9,3%) мен Шымкент қаласында (бір жылда 9,2%) байқалады. Препараттардың ішінде айтарлықтай баға өсімі антисептиктер (16,9%), ыстық түсіретін дәрілер (8,5%), бүйректі жазуға арналған дәрілер (7,4%) мен антибиотиктер (7,3%) бойынша тіркелді" делінген energyprom.kz зерттеуінде.

Дереккөз: inform.kz

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір