• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 23:00:44
Алматы
+35°

Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин және қалалық Қоғамдық даму басқармасының басшысы Диас Есдәулетов видеоконференцбайланыс режимінде мегаполис аумағында орналасқан жоғары оқу орындарының ректорларымен кездесу өткізді.

Кездесу Алматы өңірі ректорлары кеңесінің бастамасы бойынша өтті. Онлайн-кездесудің жұмысын Алматы өңірі ректорлар кеңесінің төрағасы, Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры Тәкір Балықбаев ашты. Ол эпидемиологиялық жағдай жағдайында ЖОО қызметін ұйымдастыруға қатысты бірқатар өзекті мәселелерді атап өтті.

Күн тәртібінде эпидемиологиялық жағдай кезіндегі Алматы қаласының ЖОО қызметін ұйымдастыру мәселесі болды. Болашақ студенттердің құжаттарын қабылдау, түсу емтихандарын өткізу және түлектерге диплом тапсыру сияқты аспектілерді қоса алғанда, жұмыс форматы талқыланды.

Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин Алматы қаласы бойынша эпидемиологиялық жағдайды толық түсіндірді. Алматы аурушаңдықтың орташа көрсеткіші және соңғы аптада 2%-дан аспайтын күн сайынғы өсімі бар өңірлер санатына кіреді.

Осыған байланысты, жоғары оқу орындарының басшылығы санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды, маскалық режимді және әлеуметтік қашықтықты қатаң сақтауы қажет. Көпшілік жиналатын орындарға барудан және мәдени-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастырудан бас тарту жөнінде ұсыныстар берілді. Жоғары оқу орындарының қызметін ұйымдастыру кезінде оқу корпустарын желдету және ауа баптау жүйесімен тұрақты қамтамасыз ету қажет.

Кездесуге қатысушылар оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру, қабылдау комиссиясының жұмысы және диплом тапсыру рәсімін өткізу мәселелерін көтерді. Өз ұсыныстарымен ҚазҰПУ ректоры Тәкір Балықбаев, «Тұран» университетінің ректоры Рахман Алшанов, «НАРХОЗ» университетінің әкімшілік мәселелер жөніндегі проректоры Камиля Аменова, Алматы менеджмент университетінің ректоры Ербол Сүлейменов, Халықаралық білім беру корпорациясының ректоры Ерік Бесімбаев, Халықаралық бизнес университетінің президенті Дархан Ахмед-Заки сөз сөйледі. Онлайн-кездесу жұмысына барлығы 39 ЖОО өкілдері қатысты.

Алматының бас санитарлық дәрігері жоғары оқу орындарының ректорларымен бірлесе отырып, эпидемиологиялық жағдайдың қиын жағдайларында жоғары оқу орындарының одан әрі жұмыс істеу алгоритмі мен нұсқаулықтарын әзірлеу бойынша жұмыс тобын құруды шешті.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір