• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 14:47:19
Алматы
+35°

Алматыдағы белгілі сауда орнының бірі – Көк базар қызметкерлерінің бірі коронавирустан қайтыс болуына байланысты жабылады, деп хабарлайды ҚазТАГ.

Бұл деректі базар әкімшілігі растаған.

"Иә, бұл рас. Бізде кісі өлімі тіркелді. Қызметкеріміз сырқаттық демалыста болатын. Қыз вирусты үйінде жұқтырған. 10 күн емделгенімен ақыры осылай болды. Жұмысты бүгін соңына дейін істейміз. Ертеңнен бастап жабыламыз" деді базар әкімшілігінің қызметкерлері.

Базарды жабу туралы шешімді базар әкімшілігі қабылдаған. Алматының бас санитарлық дәрігері сауда орнын жабу жоспарда жоқ екенін айтқан.

Көк базар шамамен 7-10 күнге жабылуы мүмкін.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір