• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 20:33:34
Алматы
+35°

Елордада соңғы күндері коронавирус инфекциясынан төрт адам айтыс болды, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.

Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Сәуле Қисықованың айтуынша, індеттен көз жұмған марқұмдардың бірі үйде өздігінен емделген.

– 47 жастағы тұрғын екі апта бойы үйде өзі емделген. Екінші жағдайда, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны 68 жастағы ер адам жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілді. Үшінші жағдайда БҚО-ның тұрғыны, 70 жастағы ер адам жүректің ишемиялық ауруы, артериялық гипертензия және созылмалы жүрек жеткіліксіздігі диагнозымен кардиологтың бақылауында болды. Төртінші жағдайда 59 жастағы ер адам, Алматы қаласының тұрғыны өздігінен ауруханаға жүгінген. Олардың барлығы жағдайының ауырлығына байланысты дереу жансақтау бөліміне жатқызылды, – деді С.Қисықова.

Денсаулық сақтау басқармасының басшысы елорда тұрғындарына үндеу жасады.

– Коронавирус пандемиясы артта қалды және онымен байланысты қауіп сейілді деп айтуға болмайды. Өйткені, бұқаралық шаралардың барлық қатысушылары жақындары үшін инфекцияның белсенді көзі және жаңа инфекция ошақтарының пайда болу қаупін туғызады, – деді С.Қисықова.

Айта кетейік, Нұр-Сұлтанда коронавирус пандемиясы басталғалы 2620 адам вирус жұқтырған. Оның 270-сі балалар. 1 829 адам немесе науқастардың 70%-ы емделіп шықты.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір