• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 23:50:15
Алматы
+35°

Егер қалада жұмыс істеп тұрған ұйымның басшылары мен тұрғындар карантин шараларын сақтамаса, жаппай жұқтырғандар саны көбейе береді. Дәл қазір Нұр-Сұлтан қаласының эпидемиологиялық жағдайын тұрақты ұстау мүмкін болмай отыр. Сондықтан карантин шараларын күшейтуге мәжбүр болады. Бұл туралы елорданың бас санитарлық дәрігері Жанна Пірәлиева мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Нұр-Сұлтанның бас санитар дәрігері Жанна Пірәлиеваның айтуынша, қала тұрғындарының карантин шараларын сақтамауы, жаппай жұқтыру жағдайының көбейіп жатқанына себеп болып отыр.

"Құрметті ұйымдардың басшылары науқастардың саны көбейген жағдайда мен Нұр-Сұлтан қаласының бас санитар дәрігері ретінде қаладағы эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, коронавирус инфекциясының жаппай таралмауы үшін шектеу және карантин ережелерін күшейтуге мәжбүрмін. Тұрғындардың өмірі мен денсаулығына немқұрайлы қарағаныңыз бізге эпидемиологиялық жағдайды тұрақты етуге және қалыпты өмірге оралуға мүмкіндік бермей жатыр. Тағы да сіздерге ойланып, бізге осы жағдайдан шығуға, бүкіл әлем тап болған қиын жағдайдан шығуға көмектесуді сұраймыз", деді Жанна Пірәлиева. 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір