• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 17:11:14
Алматы
+35°

Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан коронавирус жұқтырды. Бұл туралы Тілеуханның өзі  Instagram парақшасында жазды.

"Әлемдік пандемия салқыны маған да тиді. Коронавирусқа тапсырған тест оң нәтиже көрсетті. Алдымен үй жағдайында ем қабылдап бастаған едім. Қазір ауруханада дәрігерлердің толық бақылауындамын. Тиісті ем шараларын қабылдап жатырмын. Дәрігерлер атаған COVID симптомдарын бастан өткерудемін" деп жазды депутат. 

Қазақстанда бұған дейін де бірнеше шенеунік COVID-19 вирус жұқтырған. Олардың арасында президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли, Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Камалжан Надыров, Теміртау қаласының әкімі Ғалым Әшімов бар. 

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 

Қадірлі ағайын! Соңғы күндері көп азаматтар денсаулығыма алаңдаушылық білдіріп, хабарласып жатыр. Әлемдік пандемия салқыны маған да тиді. Коронавирусқа тапсырған тест оң нәтиже көрсетті. Алдымен, үй жағдайында ем қабылдап бастаған едім. Қазір ауруханада дәрігерлердің толық бақылауындамын. Тиісті ем шараларын қабылдап жатырмын. Дәрігерлер атаған COVID симптомдарын бастан өткерудемін. Қазір вирустың таралу ықтималдығы артты. Сондықтан, азаматтарды сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырамын. Төтенше жағдай режимі аяқталғанымен, карантин әлі бітпеді. Аман болайық!

Публикация от Bekbolat Tleukhan (@bekbolat.tleukhan)

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір