• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 11:32:57
Алматы
+35°

Қоқыс полигонындағы өрттің суреті

Алматыда Іле ауданындағы қоқыс полигонында болған өрттің видеосы жарияланды. Өрттің таралуына жол бермеу үшін МИ-8 тікұшағы жұмылдырылған, деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты.

Өтр 3 гектардан аса жерді шарпып үлгерген. 

Еске салайық, мұның алдында Алматы облысында қоқыс полигонының өртеніп жатқаны хабарланған болатын.

"Шамамен 3 гектар аумақ (полигонның жалпы ауданы 38 гектар) өртенген. Өрт секундына 3 метрге дейін, арасында секундына 7 метрге дейін соққан желдің салдарынан тез таралған. Өртті сөндіруге Алматы облысы төтенше жағдай департаментінің 16 қызметкері, "АДК Таза-Әлем" ЖШС-нің 30 қызметкері, жергілікті атқару органдарының 10 қызметкері жұмылдырылған" деп хабарлаған болатын Алматы облысының ТЖД баспасөз қызметіндегілер.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір