• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 17:28:59
Алматы
+35°

11 Маусым, 2020 NEWS

Күзде коронавирустың екінші толқыны болмауы мүмкін

Соңғы зерттеулер коронавирустың әлсіреп жатқанын көрсеткен

Көрнекі сурет

Күзде коронавирустың екінші толқыны болмауы да мүмкін. Себебі соңғы зерттеулер коронавирустың әлсіреп жатқанын көрсеткен. Бұл туралы италиялық вирусолог Массимо Клементидің мәлімдемесінде айтылады, деп хабарлайды РИА Новости.

Италиядағы Vita-Salute San Raffaele университетінің проректоры жергілікті дәрігерлердің мамырда ауруханаға түскен науқастарда коронавирустың асқынуын аса байқамағанын айтады.

Клементидің айтуынша, коронавирус осылай әлсіреп жатыр. Сондай-ақ дәрігер таяуда Лондондағы ғалымдар тобы жүргізген зерттеу туралы айтты. Ғалымдар осыған дейін Қытайда, Еуропада, АҚШ-та тараған вирустарды зерттеп, сараптама жүргізген.
 
Осылайша, Италиядағы және Лондондағы ғалымдардың сөзіне қарағанда, вирустың бұл түрі таяуда әлсірейді. Яғни адамдарда респираторлық аурулардың белгілері ғана болуы мүмкін.

Сондай-ақ дәрігерлер күзде пандемияның екінші толқыны болмайды деп сенім білдіріп отыр.

Аударған: Tengrinews.kz

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: коронавирус індет

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір