• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 17:58:14
Алматы
+35°

Ақтөбенің Бестамақ ауылы маңыда екі көлік соқтығысып, 5 адам көз жұмды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Бүгін сағат 12:15-те «Ақтөбе-Астрахань» тасжолы бойында «Тойота-Ипсун» және «Лада-Ларгус» көлігі соқтығысты.

– Қолда бар дерек бойынша, «Тойота-Ипсун» көлігінің 24 жастағы жүргізушісі қарсы бағытқа шығып кетіп «Лада-Ларгус» көлігімен соқтығысты. Оқиға орнында жүргізуші мен жолаушы көз жұмды. Аудандық ауруханаға бес адам жеткізіліп, тағы үш адам мерт болды. Жол-көлік оқиғасы бойынша тергеу басталды, – деді облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір