• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 00:58:47
Алматы
+35°

Полиция қызметкерінің құлағын тістеп алған павлодарлық тұрғын бестен он жылға дейін сотталуы мүмкін. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады. Келеңсіз оқиға демалыс күні облыс орталығындағы көп қабатты үйлердің есік алдында болған, деп жазады Астана телеарнасы. 

Жарияланған бейнежазбада павлодарлық тұрғынның отбасымен тұрғанын, әрі отағасының әлденені ішіп тұрғанын анық байқауға болады. Кейін олардың қасына тәртіп сақшысы жақындап, куәлігін көрсетеді. Ал олар полицейдің қолындағы құжатты қағып жібереді. Артынша олар жаға жыртысқан. Полицей жарақат алған. Оқиға куәгері тәртіп бұзышының – әйелі. Оның айтуынша, күйеуі ішімдік ішкенімен, мас болмаған. 

– Полиция қызметкері жолдасымды баламен бірге қатты итеріп жіберді. Сол сәтте балам басымен үйдің қабырғасына соғылды. Ол небәрі 7 айлық ғана. Сосын жедел жәрдем шақырып, ауруханаға бардық. Баламның басына зақым келген. Қолымда анықтамам да бар, – дейді Ангелина Чепурная.

Полиция департаментінің мәліметінше, жанжалға тұрғынның қоғамдық орында ішімдік ішкені себеп болған. Онымен қоймай ол тәртіп сақшысына дөрекі мінез көрсетіп, билік өкілін соққыға жыққан.

Қазіргі уақытта қылмыскер қамауға алынып, ҚР Қылмыстық кодексінің 380-бабының 2-бөлігі бойынша іс қозғалыпты.

– Полиция қызметкері шабуыл жасаушыға ешқандай қарсы әрекет жасап немесе қорғаныс құралдарын қолданған жоқ. Себебі шабуылдаушының қолында баласы болды. Сол себептен полицей өз-өзін тек соққыдан ғана қорғап қимыл жасады. Тіпті, видеода шабуылдаушы оны соққылап жатса да, баланы қорғау үшін әрекет етіп, ұстап қалғаны көрінеді. Ал шабуылдаушы полицейді ұрып, аяқпен теуіп, құлағын тістеп дене жарақатын салды, – дейді облыстық полиция департаментінің басшысы Нұрлан Мәсімов.

Төбелестің шығуына полицейдің кінәсінің бар-жоғы анықталмақ. Ол үшін қызметтік тексеру басталыпты. Полиция бұзақының бұған дейін де қылмысы үшін сотты болғанын айтады. Егер оның кінәсі дәлелденсе, 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін дейді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір