• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 08:49:24
Алматы
+35°

Жұма күні кеште Нью-Йоркте атыс болып, бір адам жараланып, тағы бір адам басынан оқ тиіп қаза тапқан. Бұл туралы Қамшы тілшісі The New York Post басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

– Атыс кешкі сағат 20.30-да болды. Жұма күні Нью-Йорк қаласының Пенсильвания даңғылындағы атыс салдарынан 28 жастағы адам қайтыс болды және 40 жастағы ер адам оқ жарақатымен ауруханаға жатқызылды,– деп хабарлаған полиция қызметкерлері.

Атыстың себебі бірден анықталмады және зардап шеккендердің қандай байланыста екені әлі белгісіз.

Қазірге ешкім қамауға алынған жоқ және тергеу амалдары жүргізілуде.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Нью-Йорк атыс

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір